Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 22 ақпан күні Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына орай Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада жалауын көтереді.

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада өтеді

Шара 3 мамыр күніне дейін жалғасын тауып, шаңғы жарысы, волейбол, шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, эстафета, арқан тарту, бильярд спорт түрлері бойынша өтетін болады. Спартакиадаға мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде аудандық әкімдік, департаменттер мен басқармалар өкілдері қатысады.

Оның басты мақсаты Қазақстан халқын бұқаралық спортқа тарту, салауатты өмір салтын дәріптеу және ұжымдық рухты көтеру.

Жалпы ұйымдастырылуын Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қолға алып отыр.