Астанада Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтуде

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтуде.
None
None

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменовтың айтуынша, Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің мақсаты - мемлекеттік қызметті жаңғыртуды сараптамалық-консультативті қызмет шараларымен қамтамасыз ету болып табылады. «Біз сараптамалық кеңестің мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған заңнамалық актілердің сапасын арттыруға септігін тигізеді деген ойдамыз. Өйткені аталмыш кеңестің құрамына мемлекеттік қызметкерлермен қатар ғылыми-зерттеу институттары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда», деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, болашақта сараптамалық кеңестің әрбір мәжілісі нақты бір мәселеге арналатын болады. «Біз мемлекеттік қызметті жаңғыртуға қатысты қалың көпшіліктің ұсыныстарын қуана қабылдаймыз. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты да айтылған мәселе. Себебі бізді өзіміздің атқарып жатқан істеріміз туралы жұртшылықтың не ойлайтыны қатты толғандырады. Мен мемлекеттік қызметті жетілдіруге қатысты ұсыныстардың барлығы тиісті заңнама қабылдау барысында назарға алынатындығын жеткізгім келеді»,-деді Ә.Бәйменов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі отырыстың тақырыбы мемлекеттік қызметкерлерді таңдау процедурасына қатысты болмақ. «Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қазір өзінің стратегиялық жоспарларын қарауда. Ал оның базалық мақсатты индикаторы ретінде біз конкурстық таңдау барысында азаматтардың сеніміне ие болу шарасын негізге алып отырмыз. Конкурстық таңдау барысындағы шараларға қазір қалың көпшіліктің күмәнмен қарайтындығы жасырын емес»,-деді агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар