Астанада мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция-семинар өтеді
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - 2 қараша күні Астанада мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция-семинар өтеді.
Бұл туралы Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференция ауқымында мемлекеттік басқаруды реформалау құралы ретінде бағалау рөлін арттыру мәселелері талқыланбақ.
Оған шақырылған халықаралық сарапшылар халықаралық тәжірибе және демократиялық басқару мәселесіндегі ең жақсы тәжірибелерді ортаға салады. Мемлекеттік органдар қызметінің мониторингі мен оған бағалау жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың белсене қатысуы, мемлекеттік органдарды бағалауда азаматтық сектор рөліне жеке сессия арналатын болады.