Астанада мемлекеттік тіл мен әдебиетті ақпараттық технологиялар негізінде оқыту мәселелері талқыланды
АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, қарашаның 24-і күні Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және даму жолдары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екікүндік мәжіліс барысында қазақ тілі мен әдебиетін жаңа ақпараттық технологиялардың негізінде оқыту және осы саладағы халықаралық тәжірибені кеңінен қолдану мәселелері талқыланып, осы саладағы қазақстандық ғалымдардың жетістіктері таныстырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді жүйелі оқытудың жаңа жолдары, ілеспе аударма жұмысын дамыту, «тіл-мәдениет-аударма» тұтастығын сақтау және тағы басқа тіл мен әдебиеттің өзекті мәселелері қаралады.
Конференцияда Қазақстан, Ресей, АҚШ және Германияның белгілі тіл мамандары баяндама жасап, арнайы шеберлік сыныптарын өткізеді.