Астанада мемлекеттік тұрғын үй комиссиясы «жас отбасы» санаты бойынша ұпайларды (балл) бекітті

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат -    Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тұрғын үй комиссиясының  кезекті   мәжілісінде
None
None

Астанада салынып жатқан  жеңілдікті  баспанадан   үміткер  «жас отбасы»  санатындағылар үшін      ұпайлар  (балл) бекітілді,  деп   хабарлайды   Астана   әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сараптау    тобы   әрбір  өтініш беруші  бойынша   меншікті  жылжымайтын  мүліктің   бар немесе  жоқтығы туралы  мәліметтерді  анықтады  және    әрбір көрсеткіш бойынша    ұпай сандарын  есептеп шықты.   Тізім   Астана  әкімдігінің   ресми сайтында жарияланды.

Естеріңізге сала  кетейік,   бұл  санат үшін   бір бөлмелі  449 пәтер,   екі бөлмелі 536  пәтер,   үш бөлмелі 101  пәтер  бөлініп  отыр.

Комиссияның  келесі  отырысында «мемлекеттік  қызметкер» санаты бойынша   өтініштер   қаралады.

Соңғы жаңалықтар