12:03, 12 Қараша 2012 | GMT +5
Астанада Мемтұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алатын кезекті азаматтардың есімдері жарияланды
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Тұрғын үй комиссиясының отырысы барысында
2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша Н.Тілендиев көшесінің оң жағында орналасқан тұрғын үйлерден кезекті пәтерлер үйлестірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілді.
Олардың иелері тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған және төменде көрсетілген тізімге сәйкес ең көп балл жинаған Мембағдарламаның бірінші және екіншгі кезеңінің қатысушылары атанады.
Есімдері тізімде аталған азаматтар алдағы таяу уақытта сату-сатып алу келісімшарттарын жасасу үшін Тұрғын үй басқармасына шақырылатын болады.