Астанада «Менеджмент саласында денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру» тақырыбында республикалық конференция өтті

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада халықаралық мамандардың қатысуымен «Менеджмент саласында денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру» тақырыбында республикалық конференция өтті.

Астанада «Менеджмент саласында денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін арттыру» тақырыбында республикалық конференция өтті

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары, білім және ғылым ұйымдары, тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты - елдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджменттің қазіргі өзекті проблемаларын талқылау, аталған мәселелерді шешудің концептуалдық жолдарын анықтау болып табылады.

Конференция барысында денсаулық сақтау менеджменті институтын әрі қарай жетілдіру және дамыту, қазіргі жағдайы, проблемалары мен преспективасы, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарындағы менеджменттің тәжірибелік мәселелері мен инновациялық аспектілері көтерілді. Сондай-ақ, конференция барысында проблемаларға бағытталған секциялар, халықаралық серіктестердің қатысуымен дөңгелек үстел, денсаулық сақтау саласын басқару мәселелері жөнінде 2 шеберлік-класы өткізіледі.