Астанада «Менің елім - Қазақстаным!» патриоттық әндер мерекелік концерті өтеді
АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Ертең Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында шетелдегі қазақстандық студенттік ұйымдардың І слетінің ауқымында «Менің елім - Қазақстаным!» патриоттық әндер мерекелік концерті өткізіледі.
Бұл шараныҚазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипедиясы стипендиаттарының қауымдастығы, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры бірлесе ұйымдастырып отыр. Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру, жастардың бойында патриоттық сезімді нығайту. Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде ХХХ Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, миллиондаған қазақстандықтардың көңілінен шыққан «Жаужүрек мың бала»көркем фильмінің шығармашылық тобықатысады.
Көрермендер мен қонақтар үшін отандық эстраданың жұлдыздарының орындалуымен қазақстандық авторлардың әндері шырқалады. Концертке Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер, Ерболат Құдайбергенов, Ибрагим Ескендір, Төреғали Төреали, Асқар Жүнісбеков және «Орда», «Кеш you», «Ringo», «Трио Z» саз ұжымдары қатысады.