Астанада «Менің Қазақстаным» республикалық фестивалінің қалалық кезеңі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 24 қаңтар күні сағат 11:00-де М. Горький атындағы академиялық драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" республикалық байқауының қалалық кезеңі өтеді. Сонымен қатар, "Бейбітшілік пен келісім жол картасы" мега-жобасының қорытындысын шығару рәсімі өтеді, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қалалық хатшылығының хабарлауынша, фестивальға елордалық этнобірлестіктердің өкілдері (әншілер, вокалдық топтар, хор ұжымдары, музыканттар) қатысып, қалалық филармонияның сүйемелдеуімен өз өнерлерін ортаға салады.
Шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетке, дәстүрге деген құрметті қалыптастыру. Фестиваль соңында "Астанадағы бейбітшілік пен келісім жол картасы" кітабы таратылады.