Астанада «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы ауқымында «Баянауыл» кітабы жарық көрді

АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бүгін Астанада «Баянауыл» кітабының таныстырылымы болды. Көркем безендірілген ғылыми-көпшілік басылымды тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жазып шықты, ол «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы ауқымында «Фолиант» баспасынан шықты.

Астанада «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы ауқымында «Баянауыл» кітабы жарық көрді

Баспа 2006 жылдан «Менің Отаным - Қазақстан» сериясымен біздің тарихи аймақтарымызға арналған кітаптар шығарып келеді. Бұған дейін «Ұлытау», «Ойыл», «Ерейментау», «Қазығұрт», «Отырар» атты кітаптар шыққан болатын.

Жамбыл Артықбаевтың кітабында Баянауыл өңірінің бұрынғы және қазіргі тарихынан сыр шертіледі. Табиғаты көркем өңірден талай марқасқа азаматтар шыққан.

Таныстырылымға қатысқан зиялы қауым бұл кітап өлкетанушылар мен тарихшыларға ғана емес, өңірдің ерекшелігін білуге құмартқан бүкіл оқырман қауым үшін де пайдалы екенін атап өтті.

«Бұл сериядағы кітаптардың қай-қайсысы да біздің бай тарихымызбен оқырмандарды таныстырады, олардың бойынша мақтаныш пен патриоттық сезімді нығайтады», - деді баспасының бас редакторы Раушан Тұрланова

«Баянауыл» кітабының алғашқы таралымы - 1000 дана. Егер қосымша сұраныс болса, кітаптың қосымша таралымы шығарылмақ.