Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада мереке алдында өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жаңа жылдық мереке күндері алдында алдын-алу жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Астанада мереке алдында өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілуде

Жаңа жыл - асыға күтетін мереке. Салюттер, питардалар мен бенгаль шырақтары бұл мерекенің басты сәні екендігі белгілі. Жаңа жылдық мереке күндері орын алатын қайғылы жайттардың көрсеткіштері «сөйлеп» тұрғандай, азаматтарымыз пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қарапайым қауіпсіздік талаптарына немқұрайды қарайтындықтарын көрсетіп отыр.

Қайғылы жайттардың алдын-алу мақсатында Астана қаласы ТЖ департаментінің Алматы ауданы ТЖБ қызметкерлері адамдар көп шоғырланған орындарда өрттің алдын-алуға бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Аталмыш жұмыстар шеңберінде жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырылатын орындар назарға алынуда.

Астаналық ТЖД қызметкерлері қоғамдық мекемелердің басшылығы мен қызмет көрсетушілеріне өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы жадынамалар мен парақшалар таратты. Іс-шара барысында мерекелік шараларды өткізу кезінде адам көп шоғырланған жерлердегі пиротехникалық бұйымдарды, электр гирляндаларын қолдану ережелері мен шыршаларды орнатудың тәртібі түсіндірілді.

Бүгінгі күні басқарманың инженерлік-инспекторлық құрамы түнгі клубтар мен мейрамханалардың басшылығы, жалға алушылармен арнайы кездесулер ұйымдастырып, 400-ден астам жадынамалар таратылып, 30 мекемеге бас сұққан болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.