Астанада мереке қарсаңында ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, 2018 жылдың соңғы күндері елордада қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
29 желтоқсанда Астанада күн ала бұлтты болып, күндіз қар жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 10-12 градус, күндіз - 4-6 градус суық болады.
30 желтоқсан күні түнде және таңертең қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде ауаның температурасы 9-11 градус, күндіз - 7-9 градус болады.
31 желтоқанда Астанада қар жаумайды. Батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауаның температурасы 16-18 градус, күндіз - 13-15 градус шамасында болады.