Астанада мереке күндері қалалық автокөліктер қалай жұмыс жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Жаңа жылды мерекелеу және халық серуені кезінде қоғамдық автокөліктің жұмыс тәртібін жариялады.

Астанада мереке күндері қалалық автокөліктер қалай жұмыс жасайды

2015 жылғы 31 желтоқсанда сағат түнгі 24:00-ке дейін қаланың қоғамдық көлігі жұмыс күнінің жоспарлы кестесімен ұйымдастырылады.

2016 жылғы 1 қаңтарда 00:00-ден 04.00-ге дейін 20-25 минут жиілікпен мына жолбағыттар жұмыс жасайды:

- 21 (т/ж вокзалы - Сарайшық);

- 23 (т/ж вокзалы - аймақаралық аурухана);

- 28 (Құрылыс маркеті - Заречноем т.ү алабы);

- 50 (Бал бала балабақшасы - Министрліктер үйі).

1 қаңтарда қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесімен жұмыс істейді және сағат 13.00-ден бастап рейстер саны қосылады;

2 қаңтар - сенбі күнінің кестесімен;

3 қаңтар - демалыс күнінің кестесімен;

4 қаңтар - жұмыс күнінің кестесімен.