Астанада мереке күні көлік картасын сататын кассалардың жұмыс кестесі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мереке күні қоғамдық көлік карталары сатылатын кассалардың жұмыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада мереке күні көлік картасын сататын кассалардың жұмыс кестесі жарияланды

«31 желтоқсанда «Жеңіс» СҮ мен «Евразия» СҮ қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. Сол себепті Жеңіс даңғылы бойында орналасқан «Жеңіс» СҮ-дегі мамандандырылған касса сағат 17:30-ға дейін, Петров көшесіндегі «Евразия» СҮ-дегі мамандандырылған касса сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді», - делінген Астана LRT компаниясы таратқан хабарламада.