Астанада мерекелік шаралар өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Отан қорғаушы күніне орай мәдени шаралар ашық алаңдарда, концерт залдарында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Астанада мерекелік шаралар өтіп жатыр

Атап айтқанда, әкімдіктің алдындағы қалалық алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астында үлкен концерт басталды. Мерекелік шара сағат 13:00-ден сағат 23:00-ге дейін жалғасады. Мөлдір Әуелбекова, Дастан Оразбеков, Бейбіт Қорған, Серік Ибрагимов, Адам, «Арт Домбыра» және «Меломен» топтары және басқа да өнерпаздар көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

nullБұдан бөлек, қалалық алаңда құрылған шатырларда тұрғындар назарына арналған көрме ұйымдастырылды. Қойылған әскери экспонаттармен фотосуретке түсу үшін арнайы орындар жасақталған.
nullСонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары үшін қару-жарақты бөлшектеп бұзып, қайта жинау бойынша арнайы сайыс өтіп жатыр. Ұйымдастырылған осы шара жастардың елеулі қызығушылығын тудырды.
Айта кетейік, Астанадағы мерекелік концерттер мен өзге де мәдени шаралар 8-9 мамыр күндері де жалғасады.
nullҚалалық әкімдіктің мәлімітенше, 8 мамырда «Астана» концерт залында «Ұлы жеңіс күні» атты мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылады. Осы күні өнерпаздар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнап соғыс жылдарындағы әндерді орындайды. Сондай-ақ, концертке елордалық «Жастар» театрының әртістері қатысады.null

9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүлтізбегін» қою салтанаты өтеді. Содан кейін Студенттік саябақта 11 әскери палатадан құрылған қалашықта ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылады. Жеңіс күнін мерекелеу Студенттік саябақта және қалалық алаңда жалғасады. Белгілі қазақстандық эстрада әншілері соғыс жылдарындағы әндерді орындайды.

 null