Астанада «Мерседес» көлігінің бөлшектерін ұрлаумен айналысып жүрген 3 қылмыстық топ қолға түсті

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -Астана қалалық тәртіп сақшылары арнайы жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде «Мерседес» көлігінің бөлшектерін ұрлаумен айналысып жүрген 3 қылмыстық топты құрықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанат Битеновтың айтуынша, соңғы уақытта 111-ші және 112-ші үлгідегі двигательдер орналастырылған «Мерседес» көлігінің басқару блогының бағасының қымбаттығы мен оны орналастырудағы жеңілдігі көлік ұрлаумен айналысатын ұрылардың басты нысанына айналған. «Оның үстіне бұл көлік жүрісін қамтамасыз ететін маңызды бөлшектердің бірі. Егер аталмыш деталь жоқ болса көлік көлік болудан қалады» дейді департамент бастығының орынбасары.

Оның  мәліметтеріне қарағанда, ұрылар аталмыш бөлшектерді базардағы бағасынан әлдеқайда арзанға, яғни 80-100 мың теңгеге оп оңай-ақ сатып жүрген. Ал олардың сатып алушылары көбіне сол ұрылардан зардап шеккен азаматтар. «Олардың арасында тіпті өзінің көлігінен ұрланған бөлшекті өздері сатып алған жүргізушілер де бар. Ұрылардың бұл кәсіпке құныққаны соншалықты олар шеберліктері шыңдалып, аталмыш құрылғыны әп сәтте-ақ ұрлап алатын болған. Сөйтіп, олар күніне бірнеше көліктің бөлшектерін ұрлайтын жағдайға жеткен. Ұрылар кәсіптерін түнді қойып енді күндіз де жасауға шыққан. Қазіргі таңда қылмыскерлердің барлығы да қолға түсіп, олар осындай ұрлықтың 16 түрін жасағандығы дәлелденіп отыр. Қазір ұрылар уақытша ұстау оқшаулағышына жатқызылып, олардың өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде» деді Ж.Битенов.

Соңғы жаңалықтар