Астанада мейрамханадан өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 7:39-да Астана қаласының маңындағы Қосшы кентінде «Green park» демалыс аймағында мейрамхана ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада мейрамханадан өрт шықты

«Өрт 435 шаршы метр аумақты шарпыған. Ол сағат 08:53-те ауыздықталып, 09:40-та сөндірілген. Өртті сөндіруге Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамының 6 қызметкері мен  2 арнайы өрт сөндіру техникасы, Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 11 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебін анықтау үшін Ақмола облыстық ТЖД алынған сынаманы өрт зертханасына жіберді. Өрттен ешкім зардап шекпеген.