Астанада Ми-17 тікұшағында қаза болған экипаж мүшелерімен қоштасу шарасы өтті

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат -  Бүгін Астанадағы әскери әуеайлақта 22 тамыз күні оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатқа ұшыраған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы экипажының мүшелерімен қоштасу рәсімі болып өтті.

Астанада Ми-17 тікұшағында қаза болған экипаж мүшелерімен қоштасу шарасы өтті

Ұшқыштарды барлық әскери құрметпен - отшашумен, құрметті қарауылмен, оркестрмен соңғы сапарға шығарып салды.

Қаза болған офицерлермен қоштасуға туған-туыстары, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің басшылық құрамы, сондай-ақ қызметтестері, бірге оқыған курстастары және авиабазаның барлық жеке құрамы келді.

Естеңізге сала кетейік, 2012 жылғы 22 тамызда таңғы сағат 8-дер шамасында Астана әуежайының маңында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан төрт адамнан тұратын экипаж қаза тапты.