Астанада «Мигрант» кең ауқымды сауықтыру шарасы жүріп жатыр - ІІД

АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Кеше, яғни қарашаның 2-сі күні Астана қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Мигрант» кең ауқымды жедел-сауықтыру шарасын бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталмыш шара елімізге шеттен келуші азаматтардың мемлекетке келу тәртібін бұзу әрекеттерінің алдын алу мен заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу болып табылады. Ол қараша айының 11-не дейін жалғасады. Жедел-сауықтыру шарасының ұйымдастырылуына орай қала аймағындағы «Шеп» бекеттері қосымша көші-қон және жол полициясы қызметкерлерімен күшейтілген. Олар сырттан келетін көліктер мен жолаушылар көліктеріндегі азаматтардың құжаттарын тексеру жұмыстарымен айналысуда. «Операция басталғалы тәртіп сақшылары 79 көлікті тексерген. Олардың қатарында 27 жолаушылар тасымалдайтын көлік те бар. Тексерулер кезінде жолаушылардың 34 тәртіп бұзу әрекеті анықталды. Олар уақытында тіркелмеген болып шықты. Сондай-ақ шара барысында 48 түрлі нысандар мен оқу орындары және адамдар көп жиналатын аймақтар тексерілді. Нәтижесінде елімізге келу тәртібін бұзған 206 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен олардың 10-ы елдеріне қайтарылды», деді Астана қалалық ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасының бастығы Құсайын Сандыбаев.

 Оның  мәліметтерінше, аты-жөнін анықтау мақсатында 21 шетелдік арнайы мекемелерде отыр. Елімізде уақытында тіркелмегені үшін 3 адам, ал мемлекетте мүлдем тіркелмей жүрген 77 азамат әкімшілік кодекстің түрлі баптары бойынша жауапқа тартылған. «Операция кезінде біз қаладағы базарлар мен халықаралық бағыттағы автобустар тұрақтайтын орындарды да тексердік. Нәтижесінде елімізде заңсыз түрде саудамен айналысып жүрген 35 шетелдіктің елде болу мерзімі қысқартылды», деді басқарма бастығы.

Соңғы жаңалықтар