Астанада мини-футболдан «Bolashak Football Cup 2014» турнирі өтеді

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-дан хабарлағандай, турнирдің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және «Болашақ» бағдарламасы түлектері мен стипендиаттарын, білім ұйымдарының өкілдері мен футбол жанкүйерлерін біріктіру үшін бейресми тұғырнама құру болмақ.
Турнирге 16 әуесқой футбол командалары қатысады, олардың арасында ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және білім саласында жұмыс істейтін ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өкілдері бар.
Турнирдің топтық кезеңі 30 тамызда «Назарбаев Университеті АҚ-да өтеді. Финалдық матчтар Қазақстанның бас футбол стдаионы - «Астана-Аренада» 31 тамызда болмақ.
Мини-футболдан «Bolashak Football Cup 2014» қайырымдылық турнирі қайырымдылық көмек қолын созуға жәрдемдесуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру ауқымындағы қазақстандықтар арасында спортты кеңінен таратуға бағытталған әлеуметтік-имидждік жоба.