Астанада ММА Аралас жекпе-жек айқасына арналған Бірінші Қазақстан чемпионатына 120 спортшы қатысады

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада ММА Аралас жекпе-жек айқасына арналған Бірінші Қазақстан чемпионатына 120 спортшы қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Джиу-джитсу және Аралас жекпе-жек айқасы республикалық федерациясының президенті Алексей Ким мәлім етті.

Астанада ММА Аралас жекпе-жек айқасына арналған Бірінші Қазақстан чемпионатына 120 спортшы қатысады

«24-25 тамыз күндері Астанада ММА бойынша Бірініші ел чемпионаты өтеді. Оған Қазастанның барлық өңірлерінен 120-ға тарта спортшы қатысады деп күтілуде. Біріншіліктің қорытындысы бойынша ММА және джиу-джитсу спортынан ел құрамасына іріктеу жүргізіледі», - деп атап өтті А.Ким.

«Біздің елімізде бұған дейін көбіне-көп клубтық және клубаралық деңгейдегі жарыстар өтіп тұратын. Ағымдағы жылдың 26 маусымында Қазақстанда ММА және джиу-джитсу ресми түрде еліміздің спорт түрлерінің тізіміне енгізіліп отыр. Енді бұдан былай турнирлерде жеңіп шыққан чемпиондардың біліктілігі мемлекет деңгейінде мойындалып, әлемнің атақты айқас алаңдарына жол ашылатын болады», - дейді А.Ким.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлемдік аренада Қазақстан намысын қорғайтын «Kazahkstan Top Team MMA» кәсіби клубы құрылған. Олардың қатарына еліміздің ең мықты спортшылары алынатын болады.