Астанада ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты мен М-1 challenge 48 «Battle of Nomads» кәсiби турнирi өтедi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамырдың 22-24 күндерi Астанада ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты мен М-1 challenge 48 "Battle of Nomads" кәсiби турнирi өткiзiледi. Азия бiрiншiлiгiнiң ақтық сынын Дүниежүзiлiк ММА қауымдастығының құрметтi президентi Федор Емельяненко тамашалауға келедi деп күтiлуде.

Астанада ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты мен М-1 challenge 48 «Battle of Nomads» кәсiби турнирi өтедi

Жарысқа Қазақстан, Оңтүстiк Корея, Өзбекстан, Тәжiкстан, Қырғызстан, Ресей, Әзербайжан, Иран елдерiнiң апайтөс спортшылары қатыспақ.

Джиу-джитсу федерациясы мен Қазақстанның ММА президентi Анатолий Кимнiң айтуынша, М-1 жарысында Қазақстанның намысын төрт спортшы қорғайды. Атап өтер болсақ, ММА Қазақстан самбо мен панкратионның чемпионы, ММА әлем кубогiнiң иегерi Рашид Дагаев, Нұржан Шайхин, Самбодан Қазақстан чемпионы Жұмагелдi Жалғасұлы, Ушу-саньданнан Азия чемпионы Асиф Тагиев рингке шығады.

Қазiргi уақытта Ұлттық құрама Қазақстан еңбек сiңген бапкерi Баян Жанғаловтың жетекшiлiгiмен оқу-жаттығу жиындарына қатысуда.