Астанада «Молодежный» гараж қоғамында болған өрт кезінде екі ер адам мерт болды
ТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елорданың «Сарыарқа» ауданында Күмісбеков көшесінде орналасқан «Молодежный» гараж қоғамының аумағында сенбі күні түнде гаражда өрт шықты.
ҚР ТЖМ баспсөз қызметін хабарлағанындай, жалынды сөндіруге Астана ТЖД-ның 10 адамнан тұратын жеке құрамы және 2 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрттің аумағы 15 шаршы метрді шарпыды. Өрт болған жерден екі ер адамның денесі табылды.