Астанада моңғолдық жазушы кітабының тұсаукесері өткізілді
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бүгін Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында моңғолдық жазушы, Моңғолиядағы Қазақ ұлттық орталығының төрағасы Ислам Қабышұлының «Тұран әлемі» кітабының тұсаукесері өткізілді.
Кітапта Азияны қоныстанған жеті мемлекеттің отыздан астам ұлт өкілдерінің бай тарихы мен мәдениеті баяндалған.