Астанада Мұғалімдер күні құрметіне дәстүрлі түрде пәтер кілттері тапсырылады

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Дәстүр бойынша қазан айының алғашқы жексенбісінде жер жаһандағы ең ізгі мамандықтың өкілдері - ұстаздарды құрметтеу қалыптасып кеткен.
None
None

Астанада Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шаралар 4 қазан күні өтеді. Осы күні сағат 14.00-де қала әкімдігінде елорда басшысының гранттары табыс етілсе, мерекеге арналған салтанатты іс-шара сағат 16.00-де Конгресс-Холл сарайында өтеді.

Еске салайық, Астана әкімінің өкімімен 2008 жылы «Жылдың ең үздік мектебі» жыл сайынғы байқауы бекітілді. 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жылдың ең үздік мектебі-2012» байқауының жеңімпазы №50 мектеп-лицей атанды. Оларға ауыспалы кубок пен Астана қаласы әкімінің гранттары табыс етіледі. Ал ең үздік 10 педагогтың жалақысына тұрақты түрде 50 пайыз үстеме қосылып отыратын болады.

Бас қалада «ең үздік ұстаз» байқауы да дәстүрге айналды, оған биыл қала мектептерінің 28 оқытушысы қатысты.

Сондай-ақ қалыптасқан дәстүр бойынша Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында қала әкімдігінің педагогтарға ерекше қамқорлығы пәтер кілттерін тапсыру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар