Астанада мұғалімдер мен дәрігерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында сала мамандары мемлекеттік наградалармен марапатталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала басшысының жазуынша, Республика күні қарсаңында тұрғындарға «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағы, «Ерең еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, ҚР Құрмет грамоталары табысталған.
««Құрмет» орденімен педагогтер, дәрігерлер, мәдениет қайраткерлері марапатталды. Олардың қатарында хирург-дәрігер В.Сон бар, ақхалатты маман бүгінге дейін жүздеген адамның өмірін аман алып қалған.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Астана-Энергия» машинисі Қ.Аупенов, «Астана-Теплотранзит» слесарі Б. Жұмаділов, автопарк жүргізушісі Қ.Құлтаев және т.б. марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «№5 гимназия» КММ мұғалімі Л. Ассалауова, конькимен жүгіру спортының аға жаттықтырушысы В. Костин, медицина қызметкерлері және т.б. марапатталды» делінген хабарламада.








Фото : gov.kz