Астанада мүгедек балаларға арналған жаңажылдық мереке өтті
АНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанадағы «Хан Шатыр» кешенінде мүгедек балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.
Қазіргі кезде Астанада 13 200 мүгедек жандар тұрады, соның бір жарым мыңнан астамы - балалар. Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы ұйымдастыруымен өтіп жатқан бүгінгі шараға 100-ден астам қамкөңіл балғын мен олардың ата-аналары келді. Мүгедек балалар қоғамы жылда жаңа жыл мерекесі қарсаңында бұл балаларды қамқорлықтан тыс қалдырмай, өздерінің тарапынан тарту-таралғылар тапсыруды дәстүрге айналдырған.
«Біз 24 желтоқсаннан бастап елордада 500-ге тарта мүгедек баланы қамтитын бірнеше жаңажылдық мерекелер ұйымдастырдық. Бүгінгі шараға мектеп интернатында немесе емханалардың қарамағына кірмейтін, үйде білім алып, үйде емделетін балалар шықырылды»,-дейді Астана қаласының мүгедек балалар қоғамының үйлестіруші маманы Айгүл Болатова.