Астанада мүгедектерді тегін таситын инвотаксилердің саны көбейтілмек
Оның айтуынша, инвотаксилер қала бюджеті негізінде мүгедек азаматтарды тегін тасиды.
«Бұл олардың жұмысқа немесе оқу орындарына қатынауына өте қажет. Қазіргі уақытта Астанада 20 мыңға тарта мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олардың 30 пайызы жұмыс істейді. Астанада мүгедектерді ақысыз таситын 14 инвотакси жұмыс істейді, 5-еуі көлік арбаға таңылғандарды тасуға арналған. №65 инклюзивті мектеп бар, онда 31 мүгедек бала оқиды. Сонымен қатар 15 студент медколледжде тәлім алып жүр, оларды да таңертең апарып, түстен кейін қайта алып кететін - инвотаксилер. Бюджеттен төленетін инвотаксилердің арқасында көптеген мүгедектер белсенді өмір сүре алатын болды. 1 сәуірден бастап мектепке қосымша 45 бала оқуға түседі. Осыған байланысты біз инвотаксилердің санын көбейтпекпіз», - дейді ол.
Жалпы мемлекетік тапсырыс аясында жүзеге асырылған әлеуметтік жобаларға 2014 жылы 435 млн. теңге қаражат бөлінген.
Бүгін әлеуметтік жобалардың кезекті толқынын іске асыру мақсатында басқарма бірқатар белсенді үкіметтік емес ұйымдармен меморандумға отырды.
«Біз қаладағы ҮЕҰ-мен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруды қолға алып келеміз. Былтыр 2014 жылы «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 172 мүгедек жұмысқа орналасты. 2015 жылы біз алдымызға бұл көрсеткішті екі есеге дейін жоғарылатамыз деген мақсат қойып отырмыз. Бүгінгі меморандумға қол қойған ҮЕҰ әрқайсысы 4-5 жанұядан патронаттық қарауға алады. Мемлекеттік тапсырыс аясында оларға сол үшін бюджеттен ақша қарастырылған. Кедейшіліктің ар жағында қалған мүгедек жандарға олар заңнамалық тұрғыда көмек беріп, кеңес өткізеді, жұмысқа орналастырып, киімі мен тамағын сатып алады, жұмыс іздестіреді, ең бастысы - өз өмірлерін өздері жасай алатын деңгейге дейін көтереді. Кедейшілікте тұрып жатқандардың саны қысқарады. Негізінен үкіметтік органдарға және ірі ұлттық компанияларға жұмысқа орналасуда», - деп атап өтті Л.Әбуева.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Астанада мүгедектердің өмір сапасын арттыруға үлес қосып жүрген 34 ұйым бар.