Астанада мүмкіндігі шектеулі 350 адам жұмыспен қамтылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі 350 адам жұмыспен қамтылмақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу аясында «2015 жылы Астана қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту жөніндегі кешенді жоспар» бекітілген.

Сондай-ақ «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сөйтіп, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі 350 тұлға жұмыспен қамтылмақ. 100 адамды кәсіби дайындық пен қайта даярлау курстарынан өткізу жоспарланған. Олар тігінші, шаштараз, сағат жөндеуші, флорист, жанармай құю бекеттерінің операторы секілді мамандықтар бойынша білім алады. Басқараманың хабарлауынша, «Жұмыспен қамту туралы» ҚР заңына сәйкес, жұмыс орындарына деген квота жүйесі бойынша Астана қаласында 120 мүмкіндігі шектеулі тұлғаны жұмыспен қамтып, 95 адамды уақытша жұмысқа орналастыру көзделген. Бұл - ақылы қоғамдық жұмыстар, арнайы жұмыс орындары және мектеп түлектеріне арналған жастар тәжірибесі. Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында 2015 жылдың 2 айының көрсеткіштеріне сүйенсек, мүмкіндігі шектеулі 75 адам жұмыс сұрап өтініш қалдырған, олардың 47 қазіргі уақытта ақылы жұмыста еңбек етіп жүр, тұрақты жұмысқа 15 мүгедек орналастырылды. Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 10 әлеуметтік жобаны жүзеге асырылуда, бұл мектептерді, емханаларды, әлеуметтік нысандарды жөндеу секілді жобалар. Жалпы, 144 уақытша жұмыс орынын құрылмақ, олардың 22-сі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналады. Мемлекеттік бағдарлама негізінде биыл мектеп тәмамдаған 500 түлек арнайы жастар тәжірибесінен өтпек. 2015 жылы Астана қаласының әкімдігі жастар тәжірибесіне ақша төлеуге қолдау көрсетеді. Сондай-ақ биыл 150 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспарланған. Үстіміздегі жылы Астана қаласында «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр, соның нәтижесінде аз қамтылған тұрғындарға қаржылай көмек көрсетіліп, жұмысқа шақыртылатын болады және олармен әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Соңғы жаңалықтар