Астанада мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы демалыс ұйымдастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР «Қызыл жарты ай» қоғамы Астана қаласы филиалының ұйымдастыруымен көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан мүмкіндігі шектеулі 30 бала «Экодеревня» кешенінде демалады, деп хабарлады astana.kz.
Онда балалар үшін әртүрлі ойындар мен қызықты байқаулар өткізіліп, сыйлықтар мен түрлі тәтті-дәмділер тарту етіледі. Елордалық полиция шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балаларды ойын тәртібімен таныстырып, қоғамдық орын мен көшедегі тәртіп туралы сабақ береді, делінген хабарламада.