Астанада мүмкіндігі шектеулі балалардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылады
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін көрсету мүмкіндігі беріліп отыр.
23-30 қазанда Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Еңсеру» деп аталатын қайырымдылық көрме өтеді, онда мүгедектердің шығармашылық туындылары сатылатын болады. Бұл туралы аталған мұражайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz. хабарлады.