Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Әр түрлі, бірақ тең» байқауы өтеді

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Елордада мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы Бірінші республикалық байқау аясында алғаш рет «Әр түрлі, бірақ тең» байқауы өтеді, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
None
None

Қалалық байқаудың іріктеу кезеңі тамыздың 2-сі мен 13-і аралығында келесі аталымдарда ұйымдастырылады: «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік кәсіп иесі», «Ақылдылар», «Үздік студент», «Үздік биші», «Үздік орындаушы», «Үздік өнертапқыш», «Алтын қалам», «Ең тату отбасы», «Үздік спортшы» және «Жеңіске деген жігері үшін».

«Әр түрлі, бірақ тең» байқауы жас таланттарды анықтауға, мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын көтеруге, креативті дамытуға, ойлау қабілетін кеңейтуге және шығармашылық байланыс орнатуға бағытталған. Байқау мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне, олардың шығармашылығына қоғам назарын аударуды көздейді. Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың қабілет-қарымын ұштауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған байқау қайырымдылықты арттыруды діттейді.

Байқауға 6 жас пен 35 жас аралығындағы кембағал жандар қатыса алады. «Үздік әлеуметтік жоба», «Мамандығының үздігі» аталымы 18 бен 45 жас аралығындағы қатысушыларға беріледі. Қатысушылардың жасы байқауға қатысуға өтініш білдірген сәтте анықталады. Жеңімпаздарды әр аталым бойынша іріктеу: 6 жастан 14-ке дейін, 14 -тен 29-ға дейін, 29 жастан 45 жасқа дейін жас ерешеліктеріне қарай топталып, жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум