Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 31 наурызында сағат 10.00-13.00 аралығында, Бейбітшілік көшесі, 25 үйде орналасқан Жұмыспен қамту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінінің ресми сайтында хабарлады.

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкені өткізудегі мақсат - мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып, оларды жұмысқа белсенді араластыру. Жәрмеңкеде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша кеңес береді. Халықтың мақсатты топтарының мүшелеріне «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұру бойынша мәліметтер алуға мүмкіндік беріледі.