Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне арналған арнайы дөңгелек үстел кеңесі өтті, деп хабарлады astana.kz.

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ольга Демушканның айтуынша, жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі 246 азамат өтініш білдірген. Бүгінде 122 адам жалақысы бар қоғамдық жұмысқа араласса, 38-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ал, 26-сы әлеуметтік жұмыс орындары мен жастардың тәжірибе жинақтау орталықтарына, қалған 23 адам кәсіби білімін жетілдіруге жіберілді. Десе де, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа жіберетін саланы нақтылау- әлі де өзекті, деді жиынға қатысушылар. Себебі, жұмыс берушімен ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Өйткені, олар шығындалып қаламыз ба деп күдіктенеді және мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекке қабілеттілігіне күмәнмен қарайды, делінген хабарламада.