Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық көлікте жүруге жағдай жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы қоғамдық көліктердің сапасы артты. Қазір арбада отыратын жолаушылардың өзі автобуспен емін-еркін жүре алады. Әзірге 890 автобустың 262-сінде мұндай қолайлы жағдай бар. Жүргізушілер мен кондукторлар болса, арнайы оқу курсынан өткен, деп жазады astana.kz.

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамдық көлікте жүруге жағдай жасалды

"Біз қаладағы автобус жүргізушілері мен кондукторларын арнайы оқу курсынан өткіземіз. Соның ішінде арбамен жүретін жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, олардың автобусқа кіріп-шығуына көмектесулері керектігі де ескерілді», - деді Астана қаласы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әбдіхамит Тамабаев .