Астанада мұнай және газ секторы компанияларының форумы өтеді

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі  компанияларды және қазақстандық тауарларды өндірушілерді, бұл саладағы жұмыстар мен қызмет көрсетушілерді  «МҰНАЙ және ГАЗ: Қазақстандық қамту - 2012» форумына қатысуға шақырып отыр.

Астанада мұнай және газ секторы компанияларының форумы өтеді

Аталған ведомствоның мәліметіне қарағанда, форумды өткізудің негізгі мақсаты - мұнай-газ компанияларының қазақстандық өндірушілерге 2012-2014 жылдар арасындағы орта мерзімді кезеңдегі тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алулардың жоспарларын ашуы.

Бұл алқалы жиын бүгін, 20 наурызда Астанада болады.