Астанада Мұрын жыраудың 150 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ұлттық академиялық кітапханада қазанның 7-сі күні «Жыраулық дәстүр жауһарлары» атты Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 150 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді,

Астанада Мұрын жыраудың 150 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны Қазақстан халқы тілдерінің ХІ фестивалі аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесе отырып ұйымдастыруда.

Конференцияның мақсаты - қазақ халқының сан ғасырлық мол асыл қазынасының інжу-маржандарын кеңінен насихаттау, жыраулық дәстүрді, соның ішінде Мұрын жыраудың асыл мұрасын келер ұрпаққа насихаттау, жастарымызды отансүйгіштікке, атамекен мен туған елді қорғауға баулу.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, ұлы жырау шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, жыршылар қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ осы шараға БАҚ өкілдері шақырылып отыр.