Астанада мүсінді қорлаған жасөспірімдерді «Сергек» камерасының көмегімен ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жарты жылдың ішінде "Сергек" камерасының көмегімен 40 мыңнан астам қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылық ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Күн сайын камера екі жүзден астам түрлі қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді.
Мәселен, 24 шілде күні ІІД жедел басқару орталығының бейнебақылауымен инспектор Ағыбай батыр мен Бөкейхан көшесі аумағындағы жағалау бойынан екі адамның инсталляцияны теуіп жатқаны байқалады. Оның біреуі кәмелет жасына толмаған, екіншісі - 22 жастағы жігіт. Бұзақылар ұсталды. Оларға "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Қысқасы жарты жылда "Сергек" камерасы және бейнебақылау жүйесінің көмегімен 388 қылмыс анықталды:
99 бап бойынша - 1, тонау - 24, қарақшылық - 3, бұзақылық - 47, автокөлікпен жарысу - 6, ұрлық - 57,басқалары - 250.
Бұдан басқа, 40 110 әкімшілік құқық бұзушылық ашылды:
ЖКО бұзғандар - 45, ұсақбұзақылық - 3487, қоғамдық орындарда ішімдік ішу - 5649, қоғамдық орындарда өзгелердің килігуі - 4639,
басқалары - 26 290.