Астанада «Мұсылман әлемінің бейнесі» атты көрме ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл шара ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы, Ш.Марджани атындағы ғылыми және мәдени бағдарламаларды қолдау және қорғау қорының ұйымдастыруымен өтуде.
Көрмеге Марджани қоры жинаған араб каллиграфиясы негізінде жасалған баспа өнімдері және ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының қорындағы Құран басылымдары қойылған.
«Бұл көрме мұсылман әлемі өнерінің бір саласы - шамайлге арналған. Шамайл дегеніміз - Еділ өзені бойындағы араб-татарлардың 19-шы ғасырдың соңы мен 20-шы ғасырдың басында пайда болған ерекше төлтума жанры. Ол сокралды негіздегі қасиетті бейнелер көрініс табатын көркемсурет өнері. Ондағы суреттерде ислам әлеміндегі қасиетті жерлер, діни мәтіндер, Құран кітабындағы сөздер, Мұхаммед пайғамбардың Хадистері бейнеленеді», дейді Марджани қорының вице-президенті Мұрад Заргишиев .
Оның айтуынша, басқа елдердің шамайл өнерінде ислам дініне сіңірген еңбегі үшін халифалардың бейнелері мен кескіндемелері салынады. «Татар шамайлінің бір ерекшелігі сол - онда адам суреті болмайды. Бұл ислам дініндегі барлық канондарға жауап береді», деп атап көрсетті ол.
Араб тілінен аударғанда «шамайл» сөзі «қадір -қасиет,абырой» деген мағынаны білдіреді. Парсы тілінде «шамайэл» сөзі қосымша мағынаға -«киелі сурет, кескіндеме, бейне» мағынасына ие.
Суреттен жалпы ислам дінінің ұстанымдырын көруге болады. Меккеде басылып, арнайы қобдишаға салынған, металмен безендірілген ағаш мұқабалы «Құран- Кәрім» үлгісі көрменің көркі болды. Сонымен қатар, көрмеге Елбасына ғарышкер Талғат Мұсабаев тарту еткен, ғарышта болып қайтқан Құран кітабы да қойылған.