Астанада Мұз қалашығы тұрғызылады

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада қыс кезінде Мұз қалашығын салу керемет дәстүрге айналып келеді.
None
None

Ол жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында салынады. Биылғы жылы астаналықтарды «Думан» ОО парк кешені аумағында тұрғызылатын ауқымды Мұз қалашығы  қуантатын болады. Бұл туралы Есіл ауданының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.

Қалашық  мұздан жасалған ғажап бейнелердегі түрлі  бірегей мүсіндер кешенін топтастырады.  Мүсіндер мұздан қашалып, адамдардың, аңдардың, ертегі кейіпкерлері мен аңыздардағы образдардың  бейнесінде тұрғызылады.   

Жергілікті ойын балалары үшін  қыстың қызықты думанына айналатын мұз айдыны мен сырғанақ қалашықтың  міндетті  атрибуттары болып табылады.   

Соңғы жаңалықтар