Астанада «МУЗ-ТВ. Гравитация» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «МУЗ-ТВ. Гравитация» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды.

Астанада «МУЗ-ТВ. Гравитация» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

«Онжылдықтың үздік орындаушысы» атағын әнші Валерия алды.

«Жыл серпіні» атағын Егор Creed алса, «Үздік хип-хоп жоба» аталымы бойынша рэпер Джиган жеңімпаз атанды.

«Үздік ән» аталымы «Цунами» әні үшін Нюшаға берілді. Ал Дима Биланның Alien24 композициясы «Шет тіліндегі үздік ән» атанды. Сондай-ақ әнші «Үздік концерттік шоу» номинациясын жеңіп алды.

«Үздік рок-топ» номинациясы «Звери» тобына, ал үздік «Поп-топ» «Серебро» тобына бұйырды. «Үздік дуэт» номинациясын «ВИА Гра» мен Мотт жеңіп алды. Әнші Эмин «Үздік альбом» аталымы бойынша жеңімаз болды.

Айта кетейік, "МузТВ" сыйлығына табыстау рәсімі алғаш рет Астанада өтуде. Бұл шоуды жүз миллионнан астам телекөрермен "Қазақстан", "МузТВ" және басқа да ресейлік федералды, ұлттық телеарналар арқылы тамашалайтын болады. "МУЗ-ТВ сыйлығы" - шоу-бизнестегі маңызды, ауқымды және беделді оқиғалардың бірі.

Оны 2003 жылдан "Муз-ТВ" арнасы ұйымдастырып келеді. Жеңімпаздар көрермендердің және академиктердің дауыс беруі арқылы анықталады. "Муз-ТВ" сыйлығын марапаттау шарасына әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шақыртылды.