Астанада «Музейдегі түн» акциясына мыңдаған қала тұрғыны қатысты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада түнде музейлерге кіру тегін болды. Келушілер экспонаттармен танысып, қазақстандық жұлдыздардың композицияларын тыңдады, сиқыршылар мен иллюзионистердің өнерін, театрландырылған қойылымдар тамашалады. «Музейдегі түн» акциясына мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары қатысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
ҚР Ұлттық музейінде қонақтар үшін қызықты бағдарлама әзірленді. Келушілер назарына қолөнершілердің жәрмеңкесі, музей туралы кітап ұсынылды. Бұл түні он экспозициялық залдың бәрінде экскурсиялар өткізіліп, LED-экрандардан роликтер көрсетілді. Музейде зергерлік бұйымдар, фарфор, ат әбзелдері, қару-жарақтар коллекциясы мен кілемдер қойылған.
- ҚР Ұлттық музейі Халықаралық музейлер күніне алдын ала дайындалды. Мысалы, кеше балалар арасындағы «Музей әлеміне саяхат» сурет көрмесі ашылды. Аталған шара көркемсурет және графика үйірмесіне баратын балалар шығармашылығының жемісі болмақ. Бүгін музей ісіне арналған көрме ашылды - бұл музейлік экспонаттарды консервациялау, реставрациялау. Осындай мереке жылына бір рет өтеді, адамдар тұтастай отбасыларымен келіп, жаңалықтармен, тарихпен танысады, - дейді ҚР Ұлттық музейінің мәдени-білім беру жұмыстары қызметінің жетекшісі Жанар Бейісова.
Қала тұрғындары музейде отандық шоу-бизнес өкілдерінің өнерін тамашалады. Қонақтардың көбі музейге алғаш рет келген екен.
Келушілер «Атамекен» этномемориалдық кешенінде бір түнде барша республикамызды аралап өтті. Олар еліміздің өңірлерін толықтыра түскен жаңа макеттерді тамашалады.
- «Атамекен» Қазақстан картасы биыл 15-ші маусымын өткізеді. Ол өз жұмысын 1 мамырда бастады. Биыл жаңадан 30 астам макет жасалды, сондай-ақ көбі қайта жөнделді. Астана бойынша 20 артық макет жаңартылды, соның ішінде Министрліктер үйі, Қаржы министрлігі, қала әкімдігі, бұрынғы ҚР Парламенті ғимараты, «Отан Ана» және т.б., - деді «Атамекен» этномемориалдық кешеннің директоры Алма Алтыбаева.
Музей экскурсоводтары мен шақырылған шығармашылық ұжымдар көрермендер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар, әдеттегідей лотерея билеттерінің ұтысы өткізілді.