Астанада мыңнан аса әке балаларына алимент төлеуден қасақана жалтарып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 1300-ге тарта әке балаларына алимент төлеуден қасақана жалтарып жүр. Бұл туралы бүгін Астана қалалық Әділет Департаментінде өткен брифингте мәлім болды.
None
None

«Әділет департаментінде қазіргі күні алименттік төлемдерді өндіріп алуға қатысты 18142 атқару құжаттары жатыр. Олардың ішінде мерзімдік атқаруларды құрайтын 14651 өндіріс құжаты бар. Ал 2298 құжат бойынша борышкерлер алименттерді өз еріктерімен төлейді, 1293 атқарушылық құжат бізде проблемалы, яғни осы істер бойынша «борышкер әкелер» өз балаларына ақша төлеуден қасақана жалтарады», - деді брифинг барысында Әділет департаментінің басшысы Қанат Мусин.

Оның сөзіне қарағанда, алименттік төлемдерді мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында астаналық департамент төлемнен жалтарушылармен күрестің заң шеңберіндегі шаралар ауқымын кеңінен қолданып жатыр.

Мәселен, бүгінгі күні ондай жеке тұлғалар үшін айыппұл 10 АЕК дейін немесе 10 тәулікке қамау қарастырылса, жауапты тұлғалар үшін 20 АЕК көрсетіліп отыр. «Бұндай шаралар шындығында тиімділігін көрсетіп жатыр. Мәселен, Астана қаласының тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669 бабымен жауапкершілікке тартылғаннан соң, 684 500 мың теңгені құрайтын алименттік қарызын толық өтеді. Жыл басынан бері департамент ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669 бабы бойынша сот шешімін орындамай қасақана жалтарып жүрген 60 қарызгерді жауапқа тартты, бұл шара өз нәтижелерін беріп те жатыр», деп атап өтті Департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар