Астанада «Мюзикл әлеміне саяхат» жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» орталық концерт залында жуырда ғана ашылған «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерт ұйымының «Астана мюзикл» театры Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтарына өзінің кезекті премьерасын - «Мюзикл әлеміне саяхат» атты сазды бағдарламасын ұсынды.

Астанада «Мюзикл әлеміне саяхат» жасалды

«Мюзикл әлеміне саяхат» концерт бағдарламасында көрермендерге әлемге танымал мюзиклдерден алынған үзінділердің шеруі ұсынылды. Мюзикл жанрдың отаны - Қазақстан, Америка, сонымен қатар Ұлыбритания, Франция және Ресей секілді мемлекеттердің өнерін қауымға паш етті.

 

Кеш барысында «Астана Мюзикл» театры әртістерінің «Кабаре», «Моя прекрасная леди», «Аладдин», «Звуки музыки», «Богема» және «Красавица и чудовище», «Призрак  оперы», «Кошки», «We Will Rock You», «Мамма Мия», «Ромео и Джульетта», «Нотр Дам дэ Пари»,  «Юнона и Авось», «12 стульев» және «Ах, водевиль, водевиль!» кинофильмдерден алынған әуендер, «Стиляги» («Я люблю Буги-Вуги») киномюзиклі, «Дос Мұқасан» ВИА репертуарынан «Той жыры» әні, «Тақиялы періште» кинофильмінен «Одиссей, қайда барасың» әні, «Қыз Жібек» кинофильмінен Гәкку әні, «Наш милый доктор»кинофильмінен «Надо мной небо синее...» әні, «Менің атым Қожа» кинофильмінен «Туған Ел» әні секілді әлемдік жауһарларға айналған бір-біріне ұқсамайтын мюзиклдер мен киномюзиклдердің үздік хиттары орындалды.

 

Жаңа жыл қарсаңындағы бұл кеште көрермендер естен кетпес музыка, бірегей би қойылымдары мен көңіл арбайтын шоу тамашалап қана қоймай, дарынды қазақстандық орындаушылардың жаңа есімдерімен танысты. Концертке «Астана Мюзикл» театрының солистері Ерзат Рамазанов, Саят Мақұлбаев, Акқжол Өмірзақов, Бауыржан Нұрымбетов, Алтынбек Аманқұлов, Айна Әбдікәрімова, Жарқынай Шалқарова, Гүлнар Көшенова, Сәнді Қаршалова және басқалар қатысты.

 

«Біздің жаңа қойылымымыз - елорданың жарқын мәдени өміріне қосқан үлесіміз. Мюзиклдің естен кетпес әлеміне саяхат өтіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, жаңа 2017 жылда жаңа жеңістерге жетуге жігерлендірді деп ойлаймын», - деді «Қазақконцерт» концерт ұйымының директоры Салтанат Сейдімбек.