Астанада нашар еститін балалардың концерті өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада М. Горький атындағы орыс драма театрында «Күн Әлемі - Солнечный круг» атты нашар еститін балалар шығармашылығының фестивалі болып өтті.
None
None

Ол жуырда Орал қаласында өтетін Дельфий ойындары аясында ұйымдастырылып отыр. Ұлттық Дельфий комитетінің атқарушы директоры Сажида Сайтбаеваның айтуынша, жобаның тұжырымдамасы әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтағы балаларға өнер арқылы іс жүзінде көмек беруге саяды.

«Балаларға үш күн бойы елімізге танымал мәдениет қайраткердері актерлік шеберлік, вокал және хореография сияқты бағыттар бойынша шеберлік сағаттарын өткізген болатын. Үш бағыттың үшеуінің де іс жүзінде маңызы зор. Олар баланы шығармашылық тұрғыдан дамытып, оның дүниетанымы мен шығармашылық әлеуетінің көкжиегін кеңейтеді», - деп атап өтті ол.

Фестивальдің мақсат еткен тобы ретінде есту қабілеті шектеулі балалар таңдалды. Бұл балалар тобы Астана қаласындағы №65 инклюзивті мектепте білім алады.

«Бойларындағы кемшілікке қарамастан, бұл топтың балалары өте белсенді, дамуға және әлемді тануға талпынады. Шеберлік сағаттарының жүйесі балалардың қызығушылықтары мен даму ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған. Балалар үш топқа бөлінді. Кіші топ хореографиядан, ортаншы топ актерлік шеберлік, үлкен топ вокалдан сабақ алды», - дейді С. Сайтбаева.

Соңғы жаңалықтар