Астанада «National Digital History» интернет-порталы таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Қазконтент» АҚ-ның «National Digital History» интернет-жобасының таныстырылымы болды.

Астанада «National Digital History» интернет-порталы таныстырылды

Атап айтқанда, бұл жоба интернет желісі арқылы еліміздің ұлттық тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында іске асырылуда.

«Бүгінде қолға алынып жатқан бастамалардың түпкі мұраты «Мәңгілік елге» жол салу екені белгілі. Сондықтан біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - Тәуелсіздіктің тұғырын одан ары нығайтатын руxы биік ұрпақ тәрбиелеу. Осының кілті ұлттық тариxымызда жатыр. Елбасы айтқандай, тариxи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Батырлық пен даналық, ізгілік пен имандылық - біздің түп-тамырымыз. Ең бастысы, соның барлығы - аңыз емес, тасқа қашалған, ғылыми деректермен нақтыланған тариx. Осыны лайықты насиxаттасақ, жаңа буын арасында отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш сезімі күшейері анық. Ол үшін біздің тариxымыз осы заманның күнімен сөйлеуі тиіс», - деп атап өтті осы шара барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Ведомство басшысы бүгінде көлемді еңбектерге, құрғақ есептерге оқырманның сұранысы азайып келе жатқанын атап өтті.

null  

«Ендігі жерде xалыққа қажетті ақпаратты заманауи форматта берудің жолын іздеген жөн. Интернет аудиторияға лайықтап, аудио-видео материалдармен, басқа да визуалды тәсілдермен ұсынған тиімді. Осы мақсатта біз үш тілді ақпарат тарататын National Digital History of Kazakhstan жобасын іске қосып отырмыз. Интернет ресурс тариxымызды түгендеп, тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де кеңінен таныстыру жұмысын қолға алмақ», - деді министр.

Атап айтқанда, ұлттық тарихымызды насихаттап жүрген e-history.kz сайты жаңартылғаннан кейін, енді «National Digital History of Kazakhstan» атауымен көпшілікке тарап отыр.

null  

Өз кезегінде «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ахметов аталған интернет-жобаның қосылуына байланысты өз құттықтауын жеткізді.

«Біз веб-ресурстар арқылы Қазақстан тарихын терең таныстыру тұрғысында негізгі мақсатты алдымызға қойдық. Осы ретте ұжым бұл порталды танымал ақпараттық ғылыми ресурсқа айналдыру міндетін іске асырмақ», - деді Ахметов.

Жаңа порталдың контенті қазіргі заманғы стильде жасақталып, сандық форматта ұсынылуда. Портал студенттер, мектеп оқушылары мен мұғалімдер үшін зияткерлік алаң болмақ.

null  

Бүгінгі таныстырылымға еліміздің белгілі тарихшылары, Астана қаласы оқу ордаларындағы тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Қатысушылар портал қазіргі заманғы дизайнмен безендірілгенін, қызметтері мен контенті сапалы екенін атап. 

null null null null null null null null