Астанада Наурызды мерекелеу күндері көлік қозғалысында шектеулер енгізіледі
21 наурызда Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесін жабу кезінде 3, 4, 14, 19, 21, 32 и 40 нөмірлі қоғамдық көлік бағдарлары Қошқарбаев даңғылы - Обаған көшесі - Нәжімеденов көшесі бойынша айналып жүретін болады.
Оның айтуынша, мерекелік шаралар өтетін бұл аумақта қозғалыс мүлдем тоқтатылып, техникалық көліктерге және қоғамдық көліктерге кіруге ғана рұқсат етіледі.
Сонымен қатар «Хазірет Сұлтан» мешітіне жұма намазына баратындар үшін сағат 11:30-дан 15:00 аралығында жоғарыда аталған бағдарларға қосымша автобустар ұйымдастырылмақ.
С. Жүсіпбековтың сөзіне қарағанда, бүгіннен бастап мерекелік шаралар өтетін Тәуелсіздік даңғылында дайындық шаралары өтіп жатыр. Бұл тұрғыда осы көшелерде көлік қозғалысына өзгертулер енгізілді. Осыған байланысты ол жолдардағы шектеулерге орай жеке автокөлік иелерін аталған жерлерден жүру бағдарын алдын ала қарастыруды сұрады.