Астанада Назарбаев Университеті студенттеріне арналған спорттық алаңдар кешені ашылады

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін елордада сағат 17: 00-де «Цеснабанк» АҚ-ның демеушілік қолдауымен Назарбаев  Университеті студенттеріне арналған спорттық алаңдар кешенінің салтанатты ашылу рәсімі болады.

Астанада  Назарбаев  Университеті студенттеріне арналған спорттық  алаңдар кешені ашылады

 Бұл жайлы аталмыш оқу орнының Коммуникация және маркетинг департаментінен хабарлады.

Кешенге шағын футбол, гандбол, баскетбол, волейбол және  теннис ойнауға арналған 8 спорт алаңы, сондай-ақ демалуға арналған алаң мен балаларға арналған алаң кіреді. Спорт алаңдарының жалпы көлемі  7270        шаршы метрді құрайды. Олар музыкалық  колонкалармен және жарықпен жабдықталған. Спорт алаңдары        құрылысының инновациялық әдістемесі оларды жыл бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қыста аталған алаңдарды хоккей ойнауға және коньки тебуге пайдалануға болады. 
 
Салтанатты ашылу рәсіміне «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы Д.А.Жақсыбек және «Назарбаев Университеті» ДБҰ  Атқарушы кеңесінің Төрағасы А.Б.Сәрінжіпов қатыспақ. Олар Назарбаев        Университетінің студенттерін жаңадан пайдалануға тапсырылып  жатқан спорт алаңдарының ашылуымен құттықтайды және өткен оқу  жылы спорт саласында ең үздік жетістіктер мен нәтижелер көрсеткен        Университет студенттеріне грамоталар мен естелік сыйлықтардытапсырады.