09:42, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Астанада Назарбаев Университетінде тіл мерекесіне орай мәдени-әдеби кеш өтеді
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы халқы тілдері күніне орай Назарбаев Университетінде мәдени-әдеби кеш өткізіледі, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі.

Мерекеге Университет студенттері мен оқытушылары және ұлттық өнер мен әдебиет қайраткерлері қатысады. Кеш барысында студенттер әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын қазақ, ағылшын, жапон, испан, түрік, неміс тілдерінде оқиды. Ал шетелдік ұстаздар қазақ тілінде ән айтып, өнерлерін көрсетеді.