Астанада «Не? Қашан? Қайда?» атаулы ойыны бойынша Қазақстанның II чемпионаты өтеді

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Астанада 18-19 ақпан күндері «Самұрық-Қазына» АҚ және Radisson Hotel Astana демеушілігімен «Не? Қашан? Қайда?» атты атаулы ойын бойынша Қазақстанның II чемпионаты өтеді.

Астанада «Не? Қашан? Қайда?»  атаулы ойыны бойынша Қазақстанның II чемпионаты өтеді

Чемпионатқа  Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларынан  24 топ қатысады.

Білімпаздар  бәсекесінің құрметті қонағы мен қазылар алқасының мүшелігіне белгілі Анатолий Васерман шақырылды, сонымен бірге дүниежүзінде жастар арасындағы үздік білімпаз, «Не? Қайда? Қашан?» Элиталық клубы «Хрусталь үкісінің» иегері, 2010 жылдың дүниежүзіндегі чемпионаттың қола жүлдегері Григорий Алхазов келеді.

Чемпионатқа былтырғы жылы Жетінші арнаның эфирінде өткен бірінші маусымның қатысушылары атсалысады. Ал жеңімпаз ағымдағы жылдың күзінде өтетін Дүниежүзілік чемпионатта Қазақстанды таныстырады.

«Не? Қайда? Қашан?» атаулы спорттық ойынның І чемпионаты Ақтау қаласында 2011 жылы маусым айында өтті. Ақтаулық топ ұл ойынның жеңімпазы атанған болатын.